Қазақстан Еуропаға бидай экспорттау көлемін екі есеге ұлғайтқан

Экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 12:55 Сурет: Михеев/Zakon.kz
Еуропалық бағыттағы бидай экспорттың құны 3,1 есеге өскен, яғни 25,1 миллионнан 77 млн долларға дейін, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 ай ішінде Еуропаға 183,3 мың тонна Қазақстан бидайы жөнелтілді, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,1 есе көп (85,7 мың тонна) көлем, делінген Tradereport.kz Telegram-арнасында.

Еуропадағы негізгі тұтынушылар - Италия (82%), Польша (6%), Латвия және Мальта (әрқайсысы 3%). Сондай-ақ Грекия, Ұлыбритания, Швейцария және Финляндияға да шағын көлемде астық экспортталады.

Ауыл шаруашылығы шикізаты экспортының өсімі макарон өнімдерін өндіру бойынша әлемдегі ең ірі ел — Италияға бидай тасымалдаушылар арасында Қазақстанның төртінші орынға орнығуына мүмкіндік берді. 2022 жылы Канада мен Австралиядан келетін бидай тасымалының төмендеуіне байланысты осындай жағдай қалыптасқаны айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: