Биткоиннің бағасы шамамен 3 мың долларға өсті
РБК хабарлағандай, бір күн ішінде биткоин 8%-ке қымбаттады. 3 ақпанда оның құны 36,2 мың долларға (15,6 млн теңгеден астам) дейін төмендеген еді. Одан кейін актив қайта өсімге оралды.
Өткен аптада криптовалюта биржаларынан 40 мыңнан астам BTC шығарылды, 4 ақпандағы олардың құны 1,5 миллиард доллардан асады. Қаңтардың соңғы аптасында 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бері алғаш рет бөлшек сауда алаңдарынан биткоиндердің көптеп шығарылуы орын алды.
Криптобиржадан қаражаттың ағылуы, әдетте белсенді сатып алулармен байланысты болады. Мысалы, 2021 жылдың мамыр айында Bitcoin бағамы қатарынан үш тәулік бойына құлдырап, 30 мың долларға дейін төмендегенде ең көп цифрлық монеталардың биржадан шығарылуы орын алған еді. Тұтынушылар сол кездегі бағам бойынша 175 миллиард доллардың шамамен 7 мың BTC-ын биржадан шығарып, әмияндарына салып алды.