Биткоин бағасы 122 мың долларға дейін өсті
Фото: unsplash
Биткоин бағасы алғаш рет 120 мың доллардан асты.
Жетекші криптовалюта инвесторлардың қызығушылығы мен АҚШ-та ережелер жеңілдейді деген болжамдарға байланысты қымбаттап жатыр.
Сарапшылардың пайымдауынша, жыл соңына дейін биткоинның құны 150 мың доллар деңгейіне жетуі мүмкін.
Бұл ақшаның қымбаттауы әдетте басқа цифрлық активтер нарығының өсуіне де алып келеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Айта кетсек, жыл басынан бері биткоинның бағасы 29 пайызға жоғарылаған.
Ал "CoinMarketCap" сауда алаңының дерегінше, криптовалюта секторының нарықтағы құны қазір 4 триллион долларға жақындап қалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript