Мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Мұнай бағасы, рекордтық көрсеткіш , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 20:15 Сурет: pixabay
Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы төрт айда алғаш рет 87 доллардан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лондондағы ICE биржасындағы сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, қазан айындағы фьючерстердің бір баррельге белгіленген құны күндіз 1,2 пайызға көтеріліп, 87,17 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI америкалық мұнайының қыркүйек айындағы келісімшарттарында бір баррель 84,11 доллар деп көрсетіліп, 1,4 пайызға қымбаттады.

Бұған дейін сарапшылар мұнай бағасының өсу себептерін түсіндірген болатын. Олардың пікірінше, АҚШ-тағы "қара алтын" қорының азаюы туралы мәліметтер бағаға әсер еткен. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: