Brent мұнайының бір баррелі көптен бері бірінші рет 77 доллардан төмендеді

Мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 21:55 Сурет: pexels
Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің әлемдік бағасы 27 наурыздан бері алғаш рет 77 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақытымен сағат 20:09-дағы жағдай бойынша Brent-дің шілде айындағы фьючерстерінде бір баррелі 3,3 пайызға, яғни 76,7 долларға дейін арзандады. WTI-дің маусым айындағы фьючерстерінің құны 3,62 пайызға төмендеп, 72,9 долларға дейін төмендеді, делінеді Лондондағы ICE биржасының сауда-саттық деректерінде.

Сонымен қатар, маусым айында WTI маркалы мұнайын шикізат күйінде жеткізу келісімшарттарындағы баға да арзандады. Оның бір баррелі 72 доллар 86 цент болып, шамамен 4% құнын жоғалтты.

Bloomberg сарапшыларының пікірінше, мұнай әлемдік экономиканың жай-күйіне және отын сұранысы деңгейіне қатысты алаңдаушылық жағдайында арзандаған. Қосымша фактор ретінде мұнай өнімдерін жеткізу көлемінің ұлғаюына байланысты бүкіл әлемде мұнай өңдеу рентабельділігінің төмендегені атап көрсетіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: