Алматы – Бангкок тұрақты әуе рейстері қалпына келтірілді

Әуе рейстері, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2022 11:25 Сурет: pixabay
30 қазаннан бастап Air Astana компаниясы Алматыдан Таиланд астанасы Бангкокқа қатынайтын тұрақты әуе рейстерін қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания атап өткендей, Airbus A321 LR әуе ұшағы аптасына 5 рейс орындап, келесі кестеге сәйкес 29 қарашадан бастап күнделікті рейстерге көшеді (жергілікті уақыт бойынша):

Алматы – Бангкок КС 931 рейсі: сағат 01:10-да ұшып шығады, сағат 08:55-те ұшып келеді.

Бангкок — Алматы КС 932 рейсі: сағат 10:05-те ұшып шығады, сағат 16:35-те ұшып келеді.

Эконом-кластағы алымдарды ескерсек, екі жаққа да қатынау билеттерінің құны 263 674 теңгеден басталады.

Айта кетсек, 2020 жылдың наурызынан бастап пандемияға байланысты аталған рейстер тоқтатылды.

1 қазаннан бастап тай билігі шетелдік туристерге қатысты барлық COVID шектеулерін алып тастады.

Қазақстан азаматтары үшін виза әуежайға келіп түскеннен кейін 30 күн мерзімге беріледі (виза құны - 2000 бат).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: