Жаңалықтар тізбегі
0

Сот әкімдік үстінен шағымданған "Кублей" ЖШС арызын қарауды доғару туралы шешім шығарды

Дау-дамай, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 19:41 Сурет: "Кублей" ЖШС
Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімдік үстінен шағымданған "Кублей" ЖШС-нің талап-арызы бойынша қозғалған сот өндірісін доғару тұру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судья Бақтияр Журабаев шешімді бүгін, 23 қарашада жариялады, деп хабарлайды "Уральская неделя".

"Аталған іс бойынша сот өндірісі бітімгершілік келісімді жүргізу үшін тоқтатылсын", – деді судья Бахтияр Журабаев.

Судья шешімді жария еткеннен кейін сот залында тараптардың наразылықтары естілді. Судьядан қабылданған анықтаманы түсіндіруді сұрады.

"Бұл іс үлкен қоғамдық резонансқа ие, бір жағынан, бұл - консерві өнімдерін өндірумен айналысатын ірі зауыт, ал екінші жағынан, 200-ден астам меншік иелері мен әлеуетті пәтер иелері, сондай-ақ Циолковский көшесіндегі № 1 көпқабатты үйге қаржы салған пәтер иелері. Сот ҚР АІЖК-нің (ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі) 273-бабының 7-бөлігіне сәйкес, тараптарға өз бастамасымен бітімгершілік келісімі тәртібіне сүйене отырып, дауды реттеуге тағы да бір мүмкіндік береді ", - деп сөзін қорытындылады судья.

Сот залындағылар судьядан артынан: "Бұл мүмкін емес! Неткен бассыздық бұл" деп айғайлап, шуласып қалды.

"Кублей" ЖШС талап-арызы бойынша өткен алғашқы сот отырысынан бері 2 жыл 3 ай өтті.

Айта кетсек, туындаған дау әлі күнге дейін бейбіт жолмен шешілмей келеді. Екі тарап – "Ирменова Ж.С." ЖК және "Кублей" ЖШС – бітімгершілік келісімге келе алмады.

"Сот Орал қаласы әкімдігі шенеуніктерінің тарапынан орын алған заң бұзушылықтар туралы көптеген дәлел ұсынылып жатқанда тараптарды татуласуға итермелегені қай сасқаны, бұдан кейін қандай татуласу туралы сөз болуы мүмкін?" "Кублей" ЖШС өкілі Бақытжан Базарбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: