Көкшетауда кәсіпкер әкімнің үстінен сотқа шағымданған

Сот үкімі, Ақмола облысы, Көкшетау, кәсіпкер, әкім, татуласу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 17:48 Сурет: pexels
Ақмола облыстық сот алқасы ЖШС-нің Көкшетау қаласының әкіміне қарсы талап арызы бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың хабарлауынша, ЖШС-і тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекіту туралы қаулылардың күшін жою бөлігінде әкімдіктің қаулысын заңсыз деп тануды сұрады.

"Бірінші сатыдағы соттың (МАӘС) шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады. Соттың шешімімен келіспей, ЖШС-і апелляциялық шағым келтірді. Сот алқасымен анықталғандай, ЖШС-і екі тұрғын үйдің құрылысын жүргізген. Әкімнің 11.10.2023ж. және 6.11.2023ж. қаулыларымен 17 га және 10,3 га учаскелерде егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ПДП) бекітілді.Жер қатынастары бөлімі ЖШС-і атына нормативтік талаптарға сәйкес ПДП сызбаларын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберген. Алайда, ЖШС-і хабарламаны орындамаған, нәтижесінде әкімнің 17.06.2024 жылғы қаулысымен жобаларды бекіту туралы қаулылардың күші жойылды", делінген сот хабарламасында.

Істі қарау барысында ЖШС-і мен әкім арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді. Тараптар өзара жеңілдіктер негізінде медиативтік келісімге қол қойды.

"Алқаның ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылды. ЖШС-і мен Көкшетау қаласының әкімі арасында келесі шарттармен келісім бекітілді: ЖШС-і нормативтік талаптарға сәйкес ПДП сызбаларын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп, жер қатынастары бөліміне беруге міндеттенді, ал әкімдік 10 жұмыс күн ішінде бұрын күші жойылған қаулыларды қалпына келтіреді".Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Сотта талапкер мен жауапкер келісімге келіп, татуласты.

Бұған дейін Алматы соты Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарғаны хабарланған. Оған сәйкес, әнші әкімшілік құқық бұзушылық айыбы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: