Жаңалықтар тізбегі
0

Баспана дауы: Ақмола облысында әкімнің әрекетсіздігі заңсыз деп танылды

Сот үкімі, Ақмола облысы, Щучье қаласы, әкім, ТКШ бөлімі, баспана дауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 17:29 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облыстық сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Щучинск қаласының көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының аудан әкіміне, ТКШ бөліміне қатысты дау айту, баспана бердіртуге мәжбүрлеу туралы қойған талап-арыздарын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта арызданушылар мынаны талап етті:

  • тұрғын үйді апатты жағдайда деп тану бойынша жауапкерлердің әрекетсіздігін заңсыз деп тану;
  • сатып алуға және тұрғын үй кезегінен шығару құқығынсыз сәйкес келмейтін баспанаға орналастыру жөніндегі жауапкерлердің әрекеттерін заңсыз деп тану;
  • жауапкерлерді жаңа баспана беруге мәжбүрлеу.

Арыз берушілер - 1928 жылы салынған апатты үйдегі пәтерлердің 11 иесі, 2013 жылы тұрғын үй кезегіне койылған.

"Тексеру актісімен үйдің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп танылып, оны сүру жөнінде шаралар қолдану ұсынылған", делінген сот хабарламасында.

2014 жылы тұрғын үй комиссиясының шешімімен арызданушылар тұрғын үй құрылысына дейін, жекешелендіру құқығынсыз басқа үйге көшірілген, ал 2020 жылы оларға уақытша пәтер берілгендіктен есептен шығарылған.

Сот жауапкерлердің әрекетсіздікке жол беріп, талап қоюшылардың құқықтарын бұзғанын анықтады: 

  • әкім талап қоюшыларды көшірген, бірақ реквизициялау және сүру мәселелерін шешпеді, үйді апатты деп тану туралы шешім шығарған жоқ, ал бұл шешім көшіру алдындағы шешім болуы тиіс, мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізген жоқ.
  • ТКШ бөлімі берілген пәтерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі мәселесін шешпеген.

Сот алқасы қаулысымен әкімнің және ТКШ бөлімінің әрекетсіздігі заңсыз деп танылып, талап қою ішінара қанағаттандырылды.


"Сот әкімге 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, үйді апаттық деп тану рәсімін аяқтауды, талап қоюшылардың тең мөлшерде пәтер беру құқығын сақтай отырып, үй құрылысы мен жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізуді міндеттеді", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: