Ұлттық банк басшысы жыл соңына дейінгі инфляция болжамын жариялады

Инфляция, ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 12:00 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкіметтің кеңейтілген отырысында жыл соңына дейінгі инфляция болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қарашада жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. Азық-түлік бағасы 24,1%-ға дейін өсті. Азық-түлік тауарларының инфляциясы 18,6%-ға жетті, ақылы қызметтер бағасының өсуі – 14,1%-ға жетті.

"Инфляцияның республикалық деңгейден жоғары өсуі Астана, Маңғыстау, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды ​​облыстарында тіркелді". Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов

Ол жыл соңына дейін инфляция жиырма пайыздан асуы мүмкін екенін айтты.

"Жыл соңына дейін инфляция  20-21%-ға дейін көтеріледі деп болжанды, 2023 жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жетеді".Ғалымжан Пірматов

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияның соңғы 14 жылдағы тарихи шыңына жетіп, 19,6% болғанын мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: