ҚР Ұлттық банкі 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін жариялады
"2022 жылғы желтоқсанда айлық инфляцияның 1,2%-ға дейін біршама бәсеңдеуіне қарамастан, соңғы 5 жылда айлық көрсеткіш 0,7%-дан айтарлықтай асып түсті. Жылдық мәнде инфляция 20,3%-ға жетті".ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов
Азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға ең көп үлес қосып, жылдық көрсеткіш бойынша 25,3%-ға жетті. Жеміс, көкөніс өнімдері тасымал құнына байланысты қымбаттады.
"Азық-түлікке жатпайтын инфляция 19,4%-ға дейін өсті. Импорттың жоғары үлесі бар тауарларға, оның ішінде жеке пайдаланаты тауарларға, жуатын және тазалайтын заттарға, құрылыс материалдарына, дәрі-дәрмектерге баға жедел өсті. Азық-түлік емес тауарлар құрылымында 2021 жылғы жоғары базаны есептеуден және әкімшілік баға контекстінде жанар-жағармай материалдарына бағаның өсуінің баяулады".Ғалымжан Пірматов
2022 жылғы желтоқсанда ақылы қызметтердің инфляциясы 14,1% деңгейінде қалды. Тұрғын үйді жалдау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің құнының өсуі баяулады.
2022 жылдың желтоқсанында халық күткен инфляцияның медианалық бағалауы 21,3%-ға дейін өсті.
Ұлттық банк басшысы геосаяси жағдайдың белгісіздігі, азық-түлік бағасының тұрақты жоғарылығы, сондай-ақ халықтың жоғары инфляциялық күтулері жағдайында Ұлттық банк 2022 жылғы 5 желтоқсанда базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтергенін айтты. Оның пікірінше, 2022 жылы қабылданған ақша-несие саясатының шаралары инфляцияны төмендетуге және оны орта мерзімді перспективада одан әрі тұрақтандыруға мүмкіндік береді.