27 желтоқсанда өткен түскі саудада доллар тағы түсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,75 теңгеге төмендеп, 460,62 теңгені құрағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басқа валюталармен сауда болған жоқ.
Еуро бағамын Ұлттық банк 489,73 теңге, ресей рублін 6,74 теңге, қытай юанін 66,25 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 463-467 теңге, еуро 488-495 теңге, ресей рублі 6,2-6,6 теңге аралығында сатылуда.
Ал 27 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.
Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,04%-ға өсіп, барреліне 84,53 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI фьючерстері 0,13%-ға өсіп, барреліне 79,66 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript