Путиннің жарлығы жария бола салысымен, Brent мұнайының бағасы шарықтап шыға келді
Мұнай бағасы Владимир Путиннің Ресей мұнайының бағасына шекті деңгей енгізілуіне байланысты жауап ретінде қарсы шаралар бекіту туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабардан кейін өсе бастаған, деп хабарлайды РБК.
Жарлыққа сәйкес, шетелдік азаматтар мен компанияларға егер келісімшарттарда "шекті бағаны белгілеу тетігін пайдалану тікелей немесе жанама түрде көзделсе" ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салынады.
Мұнайды жеткізуге салынған тыйым осы жарлық күшіне енген сәттен бастап, яғни 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өз күшінде болады.
Мұндай шешім "АҚШ пен оған етене жақын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың достыққа жатпайтын және халықаралық құқыққа қайшы әрекеттеріне" байланысты қабылданғаны атап өтілген.