Қазақстанда жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің қағидасы бекітілді
Шағын несиелер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.
Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі уақытта Еңбекмині:
- жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасасу;
- "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;
- бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Шағын несие алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.