Шұбаркөл көмірі қымбаттады

Қымбатшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 19:42 Сурет: pixabay
Аяз қысқанда көмір қымбаттады. Қарағанды облысының "Шұбаркөл" кенішінде әр тоннасына тағы 790 теңге қосылды. Осылайша қаңтардан бастап қатты отынның әр тоннасы 8790 теңге болып бекітілді. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 9,9% өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" мәліметінше, мұны кеніш басшылары да растап отыр. Олар бағаны нарық реттейтінін, көмір жылдық инфляция деңгейіне қарай өскенін айтады. Қазір бұл кеніш жылына 12,5 млн тонна көмір өндіріп, ел нарығының 50% қамтамасыз етіп отыр.


"Шұбаркөл көмір" отынды тұрғындарға тікелей сатпайды. Коммуналдық-тұрмыстық секторға қажетті көмір қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек биржада сатылады. Яғни, баға биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптасады. Барлығын нарық реттейді. Айта кету керек, соңғы үш жылда көмір бағасы тұрақты болды". Компания басшысы Сергей Ким


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: