Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында көмір тапшы: басшыларға сөгіс жарияланды

Түркістан облысында көмір тапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 16:23 Сурет: pixabay
Түркістан облысында көмір тасымалында кемшілікке жол берген басшылар сөгіс арқалады. Отын тапшылығы проблемасын сөз еткен облыс басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері өз жұмысына салғырт қараған дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осының кесірінен қарапайым халық пен жылыжай иелері қиналды. Салаға жауапты орынбасары мен басқарма мамандарына кәсіп иелерімен кездесіп, көмек беру жолдарын қарастыруды тапсырды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы тасымалдаушылармен тиісті келіссөздер жүргізіп, тез арада көмір жеткізуді ұйымдастыруы тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Жұрттың көмір таппай, суық үйде бүрсең қағып отырғанын біз бұған дейінгі жаңалықтарымызда айтқан едік. Ал жылыжайларда қыруар өнім үсіп кетті.

"Трейдерлер қаржысын төлеген. Бірақ осы күнге дейін көмірін ала алмай отыр. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдері өздеріне жүктелген міндеттерді төмен деңгейде орындап, салдарынан тұрғындар қиналып отыр. Осыған байланысты бірінші орынбасарыма және Энергетика, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшыларына сөгіс жариялаймын. Аудан, қала әкімдері және жергілікті полициямен бірлесіп, арадағы алыпсатарларға заң аясында шара қолданып, делдалдық схемаларға жол берілмесін." Дархан Сатыбалды, облыс әкімі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: