Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі АЭС құрылысы мәселесіне келгенде асығыстық танытпауға уәде берді

АЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 18:30 Сурет: pixabay
Энергетика министрі Болат Ақшолақов 1 ақпанда өткен алқалы жиыннан кейін журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда атом станциясы құрылысының базалық жобалау жұмысы қанша уақытты талап ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігінің алқалы отырысында елімізде баламалы энергетиканы белсенді дамыту қажеттігін атап өтті.

"Министрлік биылғы жылы атом станциясы құрылысының технологиясы бойынша түпкілікті шешім шығарып, оны базалық жобалау жұмыстарына кірісіп кетуі керек". Роман Скляр

Кейін бұл мәселеге қатысты Энергетика министрі Болат Ақшолақов пікір білдірді.

"Атом станциясы - "артық қыламын деп тыртық қыламын" дегенді де көтермейді. Бұл арада бос сөзге орын жоқ. Бұл өте қиын дүние. Біз МАГАТЭ-ге баруды жоспарлап отырмыз. Оған қатты асығыстық жоқ. Біз жоспар бойынша келе жатырмыз. Өткен жылы біз учаскені таңдауымыз керек дедік. Оны таңдадық. Енді біз биыл сол өңірдің, яғни Үлкен ауылы халқының шешімімен оны бекітуіміз керек". Энергетика министрі

Оның айтуынша, адамдар өз үлесін қосып, қоғамдық шешімдер қабылдауы керек.


"Әзірге, ешқандай қарсылық деген болған жоқ. Технологияларды таңдау мәселесі - 2023 жылға жоспарланған болатын, 2022 жылы біз Ресей Федерациясының, Оңтүстік Кореяның технологиясымен байланысты барлық нысанға бірқатар сапарлар жасадық, өкінішке қарай, ковид шектеулеріне байланысты Қытайға бара алмадық. Бірақ биыл біз Қытайға барып, ол жақта қандай станциялар салынып жатқанын көретін боламыз. Таяуда отандық делегация Венгриядан оралды, олар Түркияда, Францияда, Оңтүстік Кореяда болған". Болат Ақшолақов

Оның айтуынша, базалық бастапқы жобалау жұмысы бір жылдан екі жылға дейін созылуы мүмкін, одан соң жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған. Ал оған да 2-3 жыл қажет болуы мүмкін. Энергетика министрлігінің жоспары бойынша, бірқатар мәселелердің шешіміне қарай, АЭС 2032-2035 жылдары балансқа енгізілетін болады.

2022 жылдың маусым айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінде Қазақстан атом электр станциясын салатын орынға қатысты шешім қабылдағанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: