Жаңалықтар тізбегі
0

АЭС құрылысы 10 жылға созылуы мүмкін – Болат Ақшолақов

аэс Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр стансасын салу ұзақ процесс екенін айтып, оның орналасатын жерін таңдау мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
АЭС құрылысының мерзімі 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Ең негізгісі – орналасатын жерін анықтау. Бұл мәсенеі шешуді қазір бастауымыз керек. Себебі процесс ұзақ болады.Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Энергетика министрлігінің басшысы атом электр станциясы салынатын жерді таңдау кезінде ескерілетін негізгі факторларды да атады.

Өкінішке қарай, дүниежүзінде болған апаттардан кейін жеткілікті тәжірибе жиналды. Барлық қате технологияларды әзірлеу және пайдалану кезінде ескеріледі. Орналасқан жері сейсмикалық қауіп деңгейіне, жақын жерде су болуына, кәдеге жарату және қауіпсіз жұмыс істеуге байланысты болады. Әуелі шешімін тауып қою керек мәселелер жетеді.Энергетика министрі

Еске салайық, Энергетика министрі бұған дейін Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға әлеуеті жеткілікті екенін, атом электр стансасын салу электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешудің ең перспективалы жолы болып көрінетінін айтқан еді.

8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы «Қазақстанға шынымен және ядролық, таза электр энергиясы қажет» деп айтқан еді. Оның айтуынша, таза атом энергиясы болмаса, ел экономикасын түгелдей жоғалтуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: