Ақпанның 10 күнгі түскі саудада доллар тағы құлдырады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,52 теңгеге төмендеп, 450,79 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 66,09 теңгені (-0,60) құрады.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 486,82 теңге, рубльді 6,22 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455,5 теңгеден, еуро 484-488,5 теңгеден, ресей рублі 6-6,35 теңгеден сатылуда.
Ал 10 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,05%-ға өсіп, барреліне 85,39 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 0,85%-ға өсіп, барреліне 78,72 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript