Экс-депутат Ұлттық экономика министрінің штаттан тыс кеңесші болып тағайындалды
Бұл туралы 2023 жылы 14 ақпанда министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ләззат Керімқұлқызы Рамазанова 1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын банк жүйесінен бастады.
1995-1998 жылдары - Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында жұмыс істеген.
1998-1999 жылдары - Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-атташесі.
1999-2002 жылдары - ҚР Қаржы министрі хатшылығының консультанты.
2002 жылы - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің бөлім бастығы.
2003-2005 жылдары - "Dala tour" ЖШС бас директоры.
2006-2007 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы.
2007-2008 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары.
2008-2009 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі ҚБК Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.
2011-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, орындалуын бағалау департаментінің директоры.
2013-2019 жылдары - "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
2015 жылдан - "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
2019 жылы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары.
2019 жылдың қазан айынан бастап "Атамекен" ҚР ҰКП төралқасының мүшесі.
2019 жылдың қараша айынан бастап "ECOJER" Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымы.
2020 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін жетінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерін меңгерген.