Жаңалықтар тізбегі
0

Жер қойнауы учаскелеріне жүргізілген тексеруден соң 12 келісімшарт бұзылды

Экономикалық қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 18:15 Сурет: gov.kz
Жер қойнауы учаскелерін тексеруде жүйелі бұзушылықтар анықталған 12 келісімшарт бұзылды, тағы 6 келісімшарт бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов арнайы брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылданған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұсталатын жер қойнауы учаскелерін тексеру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарт бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 12 келісімшарт бұзылды, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге сомасына берешек өтелді, 6 келісімшарт бойынша жұмыс жалғасуда, оның ішінде сот тәртібімен". ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов

Мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері инвестициялар тарту үшін аукционға қойылады.

Сондай-ақ брифинг барысында Асхат Хасенов ведомствоның салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

2022 жылы ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауы туралы кодекске мынадай өзгерістер дайындады:

Бірінші. Өндірілуі қиын қорларды игеруге тарту мақсатында "дәстүрлі емес көмірсутектер" бөлігінде нормалар енгізілді. Бұл бастама "жеңіл мұнайды" игеруден "шығарылуы қиын мұнайға" көшуге дайын болуға және оны алдын ала қарастыруға мүмкіндік береді.

Екінші. Аукциондар арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдері жеңілдетілді, атап айтқанда:мемлекеттік органдардың қолданыстағы дерекқорларымен интеграция, бұл аукционға ұсынылатын құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді;кепілдік жарнаны енгізу;екінші орын алған қатысушымен келісімшарт жасасу.

Үшінші. Реттеушілік және фискалдық преференциялардың елеулі пакетін бекітетін күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында "Жақсартылған модельдік келісімшарт" (ЖМК) енгізілді.

ЖМК тетігі елдің минералды-шикізат базасын толықтыруға және күрделі жобалар бойынша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: