Жаңалықтар тізбегі
0

Жұманғарин Ақтөбедегі 10 пәтер жайында: Бұл жерде ешқандай криминал жоқ

Жұманғарин мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2023 12:27 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үкімет дәлізінде журналистерге "Ақтөбеде құны 1 миллион доллар тұратын 10 пәтер өзіне пара түрінде берілгені жайлы" БАҚ-тарда жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Жұманғарин сұрақтан қашпай, мән-жайға тоқталды.

"Интернет-арна таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл - жала жабу және фактілерді бұрмалау. Қазір менің отбасымның адвокаттары сотқа шағым түсіріп жатыр". Серік Жұманғарин

Бұл ретте ол мемлекеттік қызметке 35 жылдан кейін келгенін, 90-шы жылдар мен 2000-жылдардың ортасына дейін, оның айтуынша, өзі құрған бизнес құрылымда жұмыс істегенін еске алды.

"Бұл үйлерді менің отбасыма тиесілі кәсіпкерлік құрылымдар салған, мұнда бұрын Ақтөбеде ескі орман шаруашылығы болған, оны біз сатып алғанбыз. 2007 жылы сол жерде тұрғын үй кешенін салуды бастадық, өкінішке орай, қиын кез болды – 2007 жыл. Естеріңізде болса, ипотекалық дағдарыс болды, ол жерде үлкен қаржы ресурстары жұмсалып, құрылысты тоқтатуға тура келді, ал жалпы алғанда компания ол кезде біршама қиын жағдайда тап болды, қарызымыз үлкен болды." Серік Жұманғарин

Нәтижесінде, Жұманғарин 2011 жылы мемлекеттік қызметтен кетуге мәжбүр болғанын атап өтті.

"Мен жағдайды ретке келтіру, компанияларды қайта құрылымдау, қарыздардан құтылу, осы үйлерді салып бітіру мақсатында белгілі бір уақытқа жұмыстан кеттім. 2012 жылы инвестициялық компания құрдым, инвестиция тарттым, соның ішінде өзімнің қаржымды қосып, осы үйлерді салып бітірдік. Бірақ, өкінішке орай, адамдардың қалауы өзгерді. Ол кезде адамдар оларды қажет етпеді. Бұл 2007 жылдан 2012 жылға дейінгі аралық, біріншіден, ұзақ мерзімді құрылыс болды, екіншіден, бұл пәтерлер өтпей қойды. Ал 2016 жылы компанияға түсетін салмақ өте үлкен болғандықтан, заңды тұлғаларға түсетін салықтар мүлде басқа, олар бірнеше есе жоғары болғандықтан, салық салуды оңтайландыру үшін осы пәтерлерді өз атыма шығара тұру туралы шешім қабылданды, бұл жерде ешқандай криминал жоқ".Серік Жұманғарин

Бұл пәтерлердің кімге тиесілі екендігі туралы журналистердің нақтылаған сауалына ол: "Иә, бұл біз салған пәтерлер, сатып жібергенімізге 6-7 жыл болды", деп қысқаша қайырды.

16 ақпанда Серік Жұманғарин өзінің жеке басына қатысты сұрақтарға жауап бермеу деген ұстанымы бар екенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: