Қарағанды облысында бизнеске деп бөлінген гранттарды көлденең көк аттылар иеленген
Сурет: pexels
Қарағанды облысында бизнесті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған мемлекеттік грант заңсыз берілген. Нақтырақ айтқанда, сомасы 55 млн теңгеге жуықтайтын 36 грант негізсіз бөлінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сорақысы сол, бірнеше ауданда қомақты қаржы заң бойынша берілмеуі тиіс азаматтарға үлестірілген. Мемлекеттік қолдауға ие болған 11 азамат "жеке кәсіпкерлігін" ақша қолға тиген соң, қайтадан жауып тастаған. Салдарынан жоспарланған жаңа жұмыс орындары ашылмаған. Бұдан бөлек азаматтарды жұмысқа тек құжат жүзінде орналастыру дерегі белең алған, деп хабарлайды "Хабар-24".
Облыста осындай 75 жағдай анықталды. Заңсыздықтар болашақ кәсіпкерлерді оқыту кезінде жиі болады - дейді прокурорлар.
"Мысалы, Осакаров ауданында 2021 жылы 10 млн бюджет қаржысына 65 адам талап етілмеген мамандық бойынша оқытылған, нәтижесінде тек 10-ы жұмыс тапты. 54 млн теңгеге 36 грант негізсіз берілген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған". Облыстық прокуратураның Басқарма басшысы Бекзат Ахметов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript