Қарағанды облысында 14 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топ құрықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 16:33 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында 14 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топ құрықталды. 28 адамнан тұратын топ құрамында заңгерлер, адвокаттар мен нотариус та болған.

Барлығы қамауға алынды.

Олар түрлі әдіспен зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың онымен қоса алкоголь мен есірткіге тәуелділігі бар адамдардың үйлерін тартып алып, заңсыз рәсімдеп келген, деп жазады qazaqstan.tv.

"Тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр." Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: