Жамбыл облысында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 11:38 Фото: pexels
Ұзақ мерзім бойы жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі таратуға қатысы бар алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Ұстау операциялары мен тінту әрекеттері бір мезгілде Тараз қаласында және Жамбыл ауданының жеті нүктесіндегі мекенжайлар бойынша өткізілді.

Барлығы шамамен 1 келі гашиш есірткі заты және 4 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сондай-ақ марихуананы тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы (булбулятор) табылды.

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ірі мөлшердегі есірткі құралдарын сату мақсатында дайындап, сақтап, тасымалдаумен айналысқан.

Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын облыстың полиция қызметкерлері ҚР ІІМ-нің профильдік комитетімен және Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: