Есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 20:10 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының мамандандырылған сотынының үкімімен 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелері, гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған топқа қатысты жедел іздестіру іс шарасын полиция Департаменті Ақмола облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.  

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қылмыстық тізбектің барлық қатысушысы анықталды, бұлар: ұйымдастырушы, қоймашы, есепші, каналдардың әкімшісі, курьерлер және жарнамалауға көмектескен тұлғалар.  

"Есірткі заттарын тарату "Telegram" мессенджеріның "Nike", "Targaryen", "Daenerys", "Miyagi" және "Sova" каналдарында байланысыз тәсілмен жүргізілген. Өткізу орындары Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарында. Ақша қаражаттары "Simply" (Beeline компаниясының еншілесі) төлем бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған", - деп хабарлады Бас прокуратура.

  Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енбеген.   

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: