Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетау полицейлері есірткі таратумен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 16:21 Сурет: ҚР ІІМ
29 қазанда полицейлер кезекті психотроптық заттарды таратушыны ұстады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 10 полиэтилен түйіншекті тауып, тәркіледі.

Алынған зат психотроптық затқа жатады, оның нақты салмағына сараптама жасалып жатыр. Бір қызығы, 27 жастағы есірткі таратушы бұған дейін полиция қызметкерлерінің назарына іліккен, алайда жазадан қорықпай, заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген.

Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Сол күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының есірткіге қарсы полицейлері облыс орталығында психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеудің тағы бір фактісін анықтады. Бұл жолы жедел уәкілдер "тәжірибелі" 42 жастағы азаматты ұстады.

Ер адамды тінту кезінде полиция қызметкерлері ұнтақ заты бар 2 полиэтилен түйіншегін және психотроптық заттарды қолдануға арналған препаратты тапты.

Айғақтарға сәйкес, есірткіні жасырын салу координаттарын қала тұрғыны мобильді қосымша арқылы өз дилерінен білді. Бұл факт қазіргі уақытта тергеуде, сараптама қорытындысынан кейін тергеушілер іс жүргізу шешімін қабылдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: