Қарағанды облысында он адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің сөзінше, ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары болып шыққан.
Олар 2021 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан.ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев
Ұсталғандардың айтуынша, есірткіні сату Telegram әлеуметтік желісіндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған. Аталған топтың қызметі жақсы ұйымдастырылған. Топтың 10 қатысушысы арасында ұйымдастырушы, буып-түйюші, оператор, дилер, есірткіні тығып жасырушы рөлдері мен функциялары нақты бөлінген.
Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі заты тәркіленді, сонымен қатар жалға алынған пәтерлердің бірінде шамамен 3 кг синтетикалық зат (мефедрон және альфа-PVP), есірткі заттарды орау үшін қолданылатын заттар (электронды таразы, zip қалташалар) тәркіленді. Асқар Мұхаметқалиев
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы бойынша “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау” сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық топтың мүшелері мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.