Түскі саудада доллар айтарлықтай көтерілді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 16:27 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,14 теңгеге көтеріліп, 438,57 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуро бағамын Ұлттық банк 460,06 теңге, рубльді – 5,75 теңге, қытай юанін – 62,46 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 438-442 теңгеден, еуро 468-474 теңгеден, ресей рублі 5,65-5,9 теңгеден сатып/сатуда.

Мұнай 7 наурызда қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,29%-ға қымбаттап, 86,43 долларды құрады, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,26%-ға өсіп, 80,67 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: