Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер туралы анықтамалар: Kaspi.kz арқылы жаңа мемлекеттік қызметтер

Каспий банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 17:29 Сурет: Kaspi.kz
10 миллионға жуық қазақстандық Kaspi.kz суперқосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіреді.

Kaspi.kz қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде енді:

  • Зейнетақы аударымдары туралы
  • Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері туралы
  • Әлеуметтік төлемдер туралы анықтамаларды алуға болады.
"Біз мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да жеңіл әрі ыңғайлы етуге мемлекетке көмектесуді жалғастырудамыз. Енді біздің сүйікті клиенттеріміз үздік Kaspi.kz қосымшасында БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы аударымдары, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен зейнетақы туралы ақпаратты онлайн ала алады. Бұл Еңбек министрлігі, Цифрландыру министрлігі, «ҰАТ» АҚ және біздің командамыздың бірлескен жұмысының нәтижесі. Мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың игілігі мақсатында ынтымақтастық орнатқаны үшін алғысымызды білдіреміз және сүйікті клиенттерімізді жаңа инновациялық сервистермен ары қарай да қуанта бермекпіз!" Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов қызметтердің қолжетімділігін кеңейту, соның ішінде оларды екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығару бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

"Мәселен, жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласында банктердің қосымшалары арқылы ұсынылған 6 қызмет іске асырылды. Енді алатын жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру мүмкіндігі туды. Халықтың бұл ақпаратқа сұранысы жоғары – өткен жылы 200 мыңнан астам адам төлемдер бойынша мәлімет алды." ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ербол Оспанов.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жиі қолданылатын мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің платформалары мен қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатқандарын айтты. 

"Бүгінгі таңда 15-тен астам мемлекеттік қызмет, соның ішінде автокөлікті қайта тіркеу, ЖК тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау және т.б. банктік қосымшаларда қолжетімді. Сондай-ақ банктердің платформалары арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға болады. Мұның бәрі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтерді «осы жерден және қазір» алуға мүмкіндік береді." Бағдат Мусин

Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне жыл сайын 10 миллионға жуық қазақстандық кіреді. Смартфон экраны арқылы жеке кәсіпкерді тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға, көлікті қайта тіркеуге, баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге, балаларға жәрдемақы алуға және басқа да мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде жеңіл әрі оңай алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: