Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тұрғын үй айтарлықтай қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы, тұрғын үй бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 14:52 Сурет: pexels
Ұлттық статистика бюросының 10 сәуір күні таратқан ақпаратына сүйенсек, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты.

Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:

  • Ақтөбе қаласында – 25,4%;
  • Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.

Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:

  • Қызылорда қаласы (37,8%);
  • Ақтау қаласы (32,6%);
  • Семей қаласы (31,6%);
  • Қостанай қаласы (29,2%);
  • Өскемен қаласы (24,7%).

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:

  • Көкшетау қаласы (51,1%);
  • Петропавл қаласы (48%);
  • Алматы қаласы (45,4%);
  • Қостанай қаласы (45%).

Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: