Тоқаев ірі бизнес өкілдері жөнінде: Табысты Қазақстаннан тауып, шетелде шашу әдетінен арылу керек

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес, ірі бизнес өкілдері, әлеуметтік жағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 11:25 Сурет: akorda.kz
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерін елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент әлеуметік жағдайды көтеруге мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқаратыны атап өтті.

"Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады", – деді Президент.

Сонымен қатар ол бізге "кәсіпкерлердің жаңа толқыны" керек екенін баса айтты.

"Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген "тың күштер" қажет", – деп ойын түйіндеді Мемлекет басшысы.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: