Жаңалықтар тізбегі
0

"Қорғас" Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті

 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 13:14 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан үкіметі 2023 жылғы 2 мамырдағы қаулыны қабылдады, оған сәйкес "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін", – деп жазылған құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін "Қорғас" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің басқаруында болған.

Осы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне де түзетулер енгізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: