Жаңалықтар тізбегі
0

Кәсіпкерлер Қазақстанда бизнес жүргізудегі басты кедергілерді атап көрсетті

Бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 19:42 Сурет: unsplash
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин 2023 жылдың I тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы бизнес жүргізуге кедергі екенін нақтылайды.

"Бұл туралы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 34,1%-ы мәлімдеген. Басқа кедергілер: бәсекелестік (30,0%); салық деңгейі (24,8%); білікті кадрлардың жетіспеуі (23,9%); сатып алушыларды іздестіру (23,5%); реттеуіш өзгерістер (15,1%); дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (13,9%) болып отыр. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (13,5%) тұр". Рүстем Оразалин

Сондай-ақ ол нақты сектордағы кәсіпорындардың сауалнамасын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) 100,3 деңгейінде сақталғанын жеткізді. Бұл – әлсіз болса да экономикалық өсімнің оң динамикасы сақталып отырғанын білдіреді.

2023 жылдың I тоқсанында сауалнамаға 3 366 кәсіпорын, оның ішінде 1587 ірі және орта кәсіпорын қатысты.

Департамент директоры 2023 жылдың  I тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі нақты секторда экономикалық белсенділіктің орташа өсу қарқынын көрсеткенін баса атап өтеді. Нақты секторда сұраныс ұлғайғаны, өсу тұрғысынан дайын өнім бағасының қарқыны бәсеңдегені, өндірістік қуаттардың жүктемесі мен инвестициялық белсенділік деңгейі төмендегені байқалды.


"2023 жылдың I тоқсанында дайын өнімге сұраныс жақсарды. Диффузиялық индекс (ДИ) 51,4-тен 52,9-ға дейін ұлғайды. Тауар өндіру секторында (53,4) және қызмет көрсету секторында (52,7) көрсеткіш жақсарғаны байқалды. Кәсіпорындардағы дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулап, ДИ 59,6 құрады (2022 жылғы IV тоқсанда – 62,3)". Рүстем Оразалин


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: