1 шілдеден бастап еліміздегі электр энергия сауда-саттығы жаңа модель бойынша жұмыс істейді
Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жедел жою мақсатында министрлік электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін әзірлегенін нақтылайды.
"Жаңа тетік нарық қатысушыларымен кеңінен талқыланды, министрлік өкілдері оны іске қоспас бұрын өңірлерге барып, ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді. Тектікті іске асыру басталғанға дейін ҚР Энергетика министрлігінде ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің төрағалығымен сала өкілдерімен жалпы жағдайды байқау үшін кеңес өтті. Отырыс онлайн-форматта өткізілді, оған 300-ге жуық энергетика субъектілері қатысты", делінген хабарламада.
Министрлік 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастайтын енгізіліп жатқан тетіктің егжей-тегжейлері туралы барлығын тағы да хабардар етті.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы:
- электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмауға;
- электр станцияларының техникалық мүмкіндігі негізінде тәуліктік кестелерді қалыптастырудан бас тарту және тұтынушылардың нақты графиктерге көшуі есебінен көрші мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағындарының ауытқуын барынша азайтуға;
- жұмыс істеп тұрған станциялардың ағымдағы тарифтерімен тапшылық кезінде жаңадан іске қосылатын энергия көздерінің жоғары тарифтерін және импорттық электр энергиясының бағаларын теңестіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта өңірлер арасында электр энергиясына тарифтерді теңестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы" ЖШС ("ЖЭК бойынша ҚЕАО" ЖШС) - ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы анықталды. Бұған дейін "ЖЭК бойынша ҚЕАО" ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстанның біртұтас энергожүйесіне жеткізілген электр энергиясын сатып алуды және сатуды жүзеге асырған болатын.
"ЖЭК бойынша ҚЕАО" ЖШС орталықтандырылған сауда-саттықтың электрондық алаңында – "Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы" акционерлiк қоғамы ("ЭҚРҚО" АҚ) сауда-саттық жүргізу арқылы отандық электр станцияларынан электр энергиясын жоспарлы сатып алуды бір тәулік бұрын жүзеге асыратын болады.
"Отандық электр станцияларынан электр энергиясының көлемі жеткіліксіз болған жағдайда, Бірыңғай сатып алушы көрші мемлекеттердің энергия жүйелерінен электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын болады. Импорттық электр энергиясының құны барлық көтерме тұтынушыларға бірдей бөлінеді", делінген министрлік хабарламасында.
Электр энергиясын:
- еліміздің барлық ЖЭО-дан;
- ҚЕАО-мен ЖЭК-ті қолдау тетігі бойынша келісімдері бар ЖЭК объектілерінен;
- тендерлер мен аукциондар бойынша енгізілген жаңа дәстүрлі электр станцияларынан;
- Энергетика министрлігімен жаңғыртуға, реконструкциялауға және кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер бойынша енгізілген энергия қуатынан толық сатып алу жүргізілетін болады.
Бұл тізбеге кірмейтін электр станциялары ең төменгі құнды ұсыну арқылы сұраныс үшін бәсекелеседі.
Энергетика министрлігі барлық қажетті заңға тәуелді актілерді мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге жіберді.
Қорытындылай келе, министр жаңа тетіктің жұмысында қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда, министрлік ұсыныстар үшін ашық екенін және мемлекеттік органдармен бірлесіп нарыққа қатысушылардың ұсынысы бойынша қажетті түзетулер енгізуге дайын екенін атап өтті.