Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының тарифтері қайта қаралады
Фото: unsplash
Ведомствоның мәліметінше, елдегі энергиямен тұрақты қамтамасыз етуді сақтау және электр энергиясын өндіретін нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында 60 энергия өндіруші ұйымның шекті тарифтері қайта қаралған.
Министрлік бұл шешім жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін сақтау мен жаңартуға бағытталған ұзақмерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңартылған тарифтерді энергия өндіруші ұйымдар үшін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Құжат 30 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Бұған дейін Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтері екінші тоқсанның соңына қарай өсуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.