Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясының тарифі қымбаттамайды

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 16:07 Фото: unsplash
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 26 маусымда электр энергиясының тарифіне қатысты үкіметтің қабылдаған шешімін жариялады.

Журналистер министрден "Ашық НҚА" порталында жарияланған тарифті көтеру туралы бұйрық жобасының не себепті кері қайтарылғанын сұрады.

"Өспейді. 1 шілдеден бастап та өспейді. Осындай шешім қабылданды. Біз қабылдадық. Үкімет қабылдады. Тарифтер көтерілмейді", – деді Ерлан Ақкенженов.

Еске салайық, 16 маусымда Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтерін қайта қарау туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. Құжат "Ашық НҚА" порталында 30 маусымға дейін талқылануы тиіс еді. Бұған дейін ведомство тарифтердің екінші тоқсанның соңына қарай өсуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: