Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизельді арзанырақ сатып алады
ҚР Энергетика министрлігі ұсынған АШТӨ бағасы 284 мың теңге/тонна, мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) қақпасындағы баға 1 литр үшін 239 теңге. АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлардың жеткізу өңіріне және шығыстарына байланысты фермер үшін орташа баға 1 литр үшін шамамен 257 теңге болады.
"Қазіргі жанар-жағармай құю станцияларындағы дизель отынының шекті бөлшек бағасы - 1 литр үшін 295 теңге. АШТӨ үшін бөлшек сауда құны (295 тг./литр) мен КЖТЖ-ға арналған дизель отынының бағасы (шамамен 257 тг./ литр) арасындағы айырмашылық – 14,8 % (шамамен 38 тг. жеңілдік). Күзгі кезеңде АШТӨ үшін дизель отынының бағасында көрсетілген жеңілдік көктемгі кезеңмен салыстырғанда жоғары екенін атап өтеміз. 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстары кезінде дизель отынына жеңілдік 13,9 % (шамамен 26 тг. жеңілдік) болады", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Қазақстанда күзгі жиын-терін шілде айынан қараша айын қоса алғанда жүргізіледі. Шілде айына МӨЗ-ден АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар 2023 жылғы КЖТЖ-ға бөлінген көлемнің тек 4,5 мың тоннасын немесе 1%-ын (426 мың тонна) тиеп-жөнелтті. МӨЗ-ге жеткізілімдердің атаулылығын бақылау үшін дизель отыны бояулады, атап айтқанда: АМӨЗ – сары, ПМХЗ – қызыл, ШНӨЗ – көк, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ПИН-кодтар меншіктейді.