Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизельді тиеу кестеге сай жүріп жатыр

Энергетика министрлігі, Ақмола облысы, дизель отыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 15:23 Сурет: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысының халқымен кездесуінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов облысқа 83 мың тонна дизель отыны немесе республикадағы жалпы көлемнің бестен бір бөлігіне жуығы қамтамасыз етілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне күзгі дала жұмыстарын уақтылы және тұрақты өткізу үшін мұнай өңдеу зауыттарында тоннасына 222 мың теңгемен 423 мың тоннадан астам дизель отыны (литрі 184 теңгеден) бөлінді, бұл бөлшек сауда бағасынан өңірге байланысты орта есеппен 15-25% төмен.Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар әзірленіп жатқаны белгілі болды:

  • байланыс деректерін, егістік алқаптарының жалпы көлемін, жанар-жағармайға қажеттілікті көрсете отырып, аумақтық бқліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;

  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін отынды таратудың электрондық ақпараттық жүйесін енгізу.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: