Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы басшысымен кездесу өткізді

Кездесу Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен КҚК бас директоры Николай Горбань консорциум жұмысының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде КҚК теңіз терминалында мұнай үздіксіз тиеліп, атап айтқанда, танкерге тиеу жұмыстары штаттық режимде жүзеге асып жатқаны атап өтілді.

Сонымен қатар тараптар Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 82 млн тонна көмірсутек шикізатына дейін арттыруға бағытталған тар жерлерді жою бағдарламасын іске асыруды аяқтау мәселелерін талқылады. Николай Горбань Әлихан Смайыловқа КҚК Қазақстаннан мұнайдың көп көлемін жөнелтуге механикалық тұрғыда дайын екенін жеткізді.

Атап айтқанда, шілде айында ең ірі және маңызды нысандардың бірі – Новороссийск маңындағы КҚК теңіз терминалындағы мұнай көлемі мен сапасы көрсеткіштерін өлшейтін жаңа жүйенің құрылысы аяқталды. Аталған жүйе шикізатты бір мезгілде үш құрылғыдан айдауға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, көктем және күз кезінде қолайсыз ауа райынан жұмыстың тоқтағанын ескере отырып, шикі мұнай тасымалдау көрсеткіштерін ұлғайтуға ықпал етпек.

Кездесу барысында Атырау облысындағы КҚК нысандарын энергиямен үздіксіз жабдықтау, салық салу және акционерлерге дивидендтер төлеу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бас директор ҚР Үкімет басшысына 2023 жылдың шілде айында Консорциум алғаш рет Қазақстан Республикасындағы "КҚК-Қ" АҚ акционерлеріне жекелей дивидендтердің төленгенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: