Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын шығаруға тағы алты айға тыйым салынады

Қазақстан, түсті металл сынықтары мен қалдықтары, экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 09:24 Сурет: pixabay
Индустрия министрлігі "Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Жоба мәтініне сәйкес, Қазақстаннан шығаруға тыйым салу алты айға ұзартылады:

  • көліктің барлық түрімен мыс қалдықтары мен сынықтарын,  алюминий қалдықтары мен сынықтарын, қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын; 
  • автомобиль және теңіз көлігінің түрімен: қоспалы болаттың, құрамында 8 мас.% немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын;
  • автомобиль және теңіз көлігінің түрімен бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін әкетуге.

Құжат қабылданса, тыйым 2023 жылдың 7 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Түсіндірме жазбада бұйрықтың мақсатында түсті металдар сынығы мен қалдықтартапшылығын көріп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру және олардың заңсыз айналымымен күресу шараларының бірі екені айтылған.

Жоба қоғам болып талқылау үшін 2023 жылғы 24 тамызға дейін Ашық НҚА порталында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: