Жаңалықтар тізбегі
0

Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға ескерту жасады

Көмір, Шұбаркөл көмір, ескерту, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Сурет: pixabay
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға еліміздің бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзуға алып келетін әрекетті жасауға жол бермеу жөнінде алдын ала ескерту жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұрын "Шұбаркөл көмір" АҚ "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-тың тауар биржасын өздері өндірген коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттықты ұйымдастырушы ретінде айқындау туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

"Алайда, "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-тың тауар биржасының әлеуетті мүшелері үшін шамамен 95 млн теңге мөлшерінде біржолғы кіру жарнасын белгілеуіне байланысты, агенттік "Modern Тrading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-ға ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберді. Осыдан кейін біржолғы жарна мөлшері 20 млн теңгеге дейін төмендетілді, алайда көмір саудасы секциясы бойынша басқа тауар биржаларында кіру жарнасының мөлшері 150 мыңнан 3,5 млн теңгеге дейін өзгереді". ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Бұл ретте, "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-тың бұрын қолданыста болған (2023 жылғы 23 мамырға дейін) тарифтеріне сәйкес резиденттер/резиденттер емес үшін біржолғы жарна 500 мың/1 млн теңгені құрады.

Тауар биржалары арқылы өткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылар, кейіннен көмірді жеке пайдалану үшін халыққа сататын өңірлік көмір операторлары болып табылатынын атап өту қажет.

"Бүгінгі күні "Шұбаркөл көмір" АҚ "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-мен бірлесіп, 2023 жылғы қазанда биржалық тауарды жеткізумен коммуналдық-тұрмыстық көмірмен биржалық сауда-саттықты өткізу кестесі 28 тамыз - 1 қыркүйек аралығында бекітті. Осыған байланысты, агенттік "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптары шеңберінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберді". ҚР БҚДА баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: