Қазақстанда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет тарифі өседі
Сурет: Zakon.kz
"2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге/МВт құрауы тиіс, бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", – деп жазылған құжатта.
Құжат 22 қыркүйекке дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
2023 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр энергиясының тарифтері өзгеретінін айтты. Бұл шараны қабылдауға жыл сайын артып келе жатқан негізгі генераторлық базалық станциялардың тозуы себеп болып отыр.