АМӨЗ: Қазақстанның екі өңіріне қатысты газ тасымалында шектеу болған жоқ
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары "АМӨЗ" ЖШС БҚО және Атырау облысына сұйытылған газды автокөлікпен тасымалдауды шектеді деген ақпарат тарауда. "АМӨЗ" ЖШС бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды, делінген кәсіпорын сайтында.
Жөнелту жұмыстары тұрақты, энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде екендігі де нақтыланады.
"Зауыт тәулігіне 500-550 тонна сұйытылған газ өндіреді. Энергетика министрлігі бекіткен 2023 жылдың қыркүйек айына арналған жеткізу жоспарына сәйкес Атырау облысына 5 064 тонна, Батыс Қазақстан облысына 2 940 тонна сұйытылған газ бөлінген. 13 қыркүйектегі көрсеткішке сәйкес Атырау облысына 3 236 тонна, яғни жоспарланған көлемнің 64%-ы, БҚО-ға 1 288 тонна – 44% көлемінде сұйытылған газ жөнелтілді". "АМӨЗ" ЖШС
13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының энергетика басқармасының басшысы Мирас Мұлқай көршілес облыстарға газ тасымалының күрт төмендеуі теміржол бойында жүк пойыздары кезегінің пайда болуымен байланысты екенін айтты.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында көлік жүргізушілер автомобиль бекеттерде сұйытылған газдың жоқтығына шағымданды. Тапшылық осымен екі жыл қатарынан күз айларында орын алуда.
Алдында Талдықорған қаласында автогаз тапшылығына байланысты жанар-жағармай құю бекеттерінде үлкен кезектер пайда болғаны хабарланған. Энергетика басқармасы аталған жағдайға түсініктеме берді.