Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғандық жүргізушілер автогаз таппай сенделіп қалды

Автогаз, тапшылық, Талдықорған, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 21:42 Сурет: Zakon.kz/Инна Литвиненко
Талдықорғанда бір тәуліктен астам уақыт болды, қаланың барлық жанар-жағармай құю бекеттерінде автогаз тапшылығы байқалады. Жүргізушілер аталған отын түрін іздеп, қала іші мен жақын маңдағы аудандарды шарлап әлек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автогазды қаланың шетіндегі шағын жанар-жағармай құю станцияларынан ғана табуға болады. Онда да олардың өзінде өткен кештен бері үлкен кезектер пайда болған. Ірі жанар-жағармай құю станцияларында сұйытылған газ мүлдем жоқ. Мұндай жағдайдың облыс орталығында байқалғанына бір тәуліктен астам уақыт болды.

Талдықорғанның көршілес аудандарындағы жағдай да осындай. Көксу, Ескелді және Қаратал аудандарының жүргізушілері өткен аптаның соңынан бастап тапшылықты сезінген. 

"Газ бар, бірлі-жарым орын бар. Бірақ ірі жанар-жағармай құю бекеттері таблоға "газ жоқ" деп жазып қоюда. Біздің облыста мұндай жағдай көптен болмаған, біз үнемдеу үшін автогазға көштік қой, өйткені бензин қазір қымбат", – дейді автокөлік жүргізушілерінің бірі.

Zakon.kz редакциясы аталған жайттың мән-жайын түсіндіру үшін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовқа жүгінді. Шенді бұл мәселемен өңірдің энергетика және ТКШ басқармасы айналысып жатқанын жеткізді. Ведомство мамандарының алдын ала нұсқасы бойынша, өңірге сұйытылған газ жеткізілімі бір аптаға жуық кешіккен. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: