Қазақстанда түсті металдардың қоры 10-15 жылда таусылуы мүмкін
Ол Қазақстан геологтарының бірінші съезінде сөз сөйлеп, шикізатты импорттау тек жоғары көліктік шығындарға ғана емес, сонымен қатар тау-кен өндіруші елдердегі тұрақсыз саяси жағдайға және шикізат экспортына шектеулер енгізу ықтималдығына байланысты тәуекелдерге әкелетінін атап өтті. Қазір кеңес дәуірінде қалыптасқан минералдық-шикізаттық базаны қарқынды игеру, қорлардың аз толтырылуы олардың бірте-бірте сарқылуына алып келеді.
"Атап айтқанда, Шығыс Қазақстанда Шемонаихинское, Юбилейно-Снегирихинское, Зыряновское сияқты ірі қорғасын-мырыш кен орындары толығымен игерілді. Сол себепті "Қазақстан алюминийі" АҚ Торғай боксит кеніші 65 жыл жұмыс істегеннен кейін "ERG" АҚ барлық жұмысын тоқтатты. Жалпы қазір экспорттың қомақты үлесін құрайтын түсті қорлар мен бағалы металдарды 10-15 жылда өндіріп бітуге болады".Тұрар Жолмағамбетов
Ол еліміздің кейбір өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шикізат тапшылығы мәселесіне де тоқталды. "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ - әлемдегі бериллий өндіруші үш елдің (АҚШ, Жапония) және тантал өнімдерін шығаратын төрт өндірушінің (АҚШ, Жапония, Қытай) бірі. Өндірілген өнімдер толығымен экспортталады. Оның ішінде Plansee SE, Auerhammer Metallwerk GmbH, AVX Lanskroun сияқты еуропалық компаниялар да тұтынады.