ҚР ИИДМ елден металл сынықтарын шығаруды шектеуге қатысты түсініктеме берді
Тұрар Жолмағамбетов мұндай шешім қабылдауға отандық қайталама шикізаттың жетіспеушілігі және өндіріс үшін шикізат ретінде металл сынықтарын пайдаланатын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қосымша жүктеу қажеттілігі себеп болғанын айтты.
Сондай-ақ, спикер Қазақстан қайталама шикізатты шығаруға шектеу қоятын жалғыз мемлекет емес екенін атап өтті. Бұл шара Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Армения, Өзбекстан және Беларусьте қолданылады.
Ресей Федерациясында квоталар енгізіліп, сынықтарды елден шығаруға толық тыйым салу мәселесі пысықталып жатыр. Ал, Өзбекстан мен Беларусь мемлекеттік монополия орнатты. Яғни, аталған елдерде тек уәкілетті мемлекеттік компаниялар ғана қайта шикізатты жинауға және өңдеуге құқылы. Бұл ретте олардың жалғыз міндеті – ішкі өңдеушілерді шикізатпен қамтамасыз ету.ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов
Айта кетерлігі, Еуропада да ұқсас процестер жүріп жатыр. Атап айтсақ, металл сынықтарына деген сұранысқа байланысты тауарды ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерге экспорттауға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұдан бөлек, қайталама шикізатқа сұранысқа экономиканы декарбонизациялау саясаты да әсер етеді. Яғни, дамыған елдерде көміртегі салығын енгізуге байланысты өндірісте металл сынықтарын пайдалану табиғи шикізат пен атмосфераға қалдықтардың ең аз шығынына байланысты артықшылыққа ие болды.ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов
Ведомство өкілінің айтуынша, бір тонна болат өндірісінде сынықтарды пайдалану СО2 қалдықтарын 1,5 тоннаға азайтуға, 1,4 тонна темір рудасын, 740 кг көмір мен 120 кг әктас тұтынуды болдырмауға мүмкіндік береді.