Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыртқа өндірісінің көлемі күрт қысқарды

Жұмыртқа, статистика, өндіріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 19:23 Сурет: primeminister.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда сегіз айда тауық жұмыртқасының өндірісі 2,1%-ға төмендеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың басынан бері елімізде 3 328,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл - өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз (3 398,7 млн дана).

"Өңірлерге шаққанда тауық жұмыртқасы өндірісінің ең көп көлемі Ақмола облысына тиесілі: 490,8 млн данадан астам. Жетекші үш өңір қатарында Солтүстік Қазақстан (483,4 млн дана) және Қарағанды облыстары (456,4 млн дана) да бар". ҚР Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы өнім тұтынысы бойынша халықтың жан басына шаққанда айына орта есеппен 17 дана жұмыртқадан келетінін нақтылайды.

10 жұмыртқаның орташа бағасы 461 теңгені құрайды (І-санат).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: