Жаңалықтар тізбегі
0

2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын, Ұлттық статистика бюросы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 15:40 Сурет: akorda.kz
Ұлттық статистика бюросы "2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санақ жүргізудегі мақсат – экономиканың аграрлық секторының дамуын болжау, өндірістің тиімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінарттыруғабағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, іріктемелі байқау және біржолғы есепке алуды жүргізу үшін шаруашылық жүргізетін субьектілердің бас жиынтығын өзектілендіру үшін ауыл шаруашылығының шынайы жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу.

Санақ интернетте онлайн режимінде 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін, планшет қолдану арқылы – 2025 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қазақстан Республикасында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған жоспары әзірленіп, ұсынылды.

Жоспарда:

  • 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру;
  • 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру
  • санақ парақтарын, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлеу және бекіту;
  • ауыл шаруашылығының Цифрлық статистикалық тізілімін қалыптастыру
  • планшеттерді және оның жинақтауыштарын (пауэрбанк, қабы, қорғаныс әйнегі, зарядтау құрылғысы және т.с.) сатып алу және/немесе жалға алу және т.б. қарастырылған.

Құжат 5 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстанда бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2006 жылы өсімдік шаруашылығы саласы бойынша, 2007 жылы мал шаруашылығы саласы бойынша өткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: