Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Әлеуметтік маңызды азық-түліктер, баға, статистика Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы қымбаттай түскен әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қыркүйекте Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1%-ға төмендеді, ал жылдық мәнде 6%-ға өскен.

Статистика ведомство мәліметінше, 19 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.

Бәрінен пияз (3,4%) бен картоп (2,1%) құны айтарылқтай арзандады. Сондай-ақ 0,5%-ға қарақұмық пен қырыққабаттың бағасы төмендеген.

Белгілі бір деңгейде күнбағыс майы, қант, макарон өнімдерінің бағасы да арзандады.  

Керісінше, жұмыртқа (+0,9%), күріш  (+0,5%), тұз (+0,3%), тауық еті (+0,3%) бағалары қымбаттаған. Сондай-ақ сиыр еті, сары май, айран, ірімшік бағасы да көтерілді.  

Өткен аптада ет, күріш, жұмыртқа бағасы қымбаттап жатқаны хабарланған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз